Дәрігер С дәрумені туралы белгілі қауесетті жоққа шығарды

Фото: pixabay.com

Ресейлік дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников суық тию мен тұмау кезінде С дәруменін қосымша қабылдау қажеттілігі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Иә, С дәруменін іш, ішпе бәрібір – аурудың алдын алмайды деген еңбектер (ғылыми - авт.еск.) бар екенін білеміз", - деді дәрігер "Россия 1" телеарнасының эфирінде.

Дегенмен, Мясниковтың айтуынша, С дәруменінің көп дозасын қабылдаса, ауру уақытын қысқартатыны туралы ғылыми еңбектер бар.

Реклама
Реклама

"Дәруменді күнделікті ішуді қате дер едім. Қажет кезде қосымша қабылдауды жөн санаймын. Егер сіз суық тиіп ауырып қалсаңыз, үш-төрт күн ішіп көріңіз, еш зияны жоқ, керісінше пайдасы тиіп қалар. Бірақ бұл міндетті түрде қабылдап жүру қажет дегенім емес", - деді маман.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама