07 наурыз 2022 | 13:11

Дәрігер салмақ жоғалтуға кедергі келтіретін үш қатені атады

Нутрициолог Анна Макарова Instagram-дағы дұрыс тамақтану туралы блогында салмақ жоғалтуға кедергі келтіретін үш маңызды қате барын айтты, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нутрициолог Анна Макарова Instagram-дағы дұрыс тамақтану туралы блогында салмақ жоғалтуға кедергі келтіретін үш маңызды қате барын айтты, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

Нутрициологтың сөзінше, бірінші қате - сіз тәрелкеңізге емес, салмаққа назар аударасыз. Салмақты азайту туралы шешім қабылданған кезде көбінесе зиянды әдістер қолданылады: ашығу, аш қарынға кардио, көмірсулардан бас тарту және тағы басқасы. Бірақ бұл қосымша салмақпен соғыс емес. Сіздің барлық назарыңыз диетаны құруға бағытталуы керек, маңыздысы тәрелкеңіздегі ас мәзірінде. Себебі салмақ сіздің тұрақты тамақтануыңыздың салдары болып саналады.

"Екінші қате - сіз тамақсыз мүмкіндігінше ұзақ жүруге тырысасыз. Бұл сізді нәтижеден алыстататын ең үлкен қателік. Диета ұстаныңыз, алайда ешбір жағдайда тамақты өткізіп алмаңыз. Есіңізде болсын, салмақ жоғалту күніне қанша рет жегеніңізге байланысты емес, қанша тағам жегеніңізге байланысты. Таңғы ас, түскі ас және кешкі ас міндетті және тіпті жеңіл тағамдар жеу де маңызды", - дейді дәрігер. 

Реклама
Реклама

Ал үшінші қате - сіз жеңіл нәрсе жеуге тырысасыз. Мысалы, салат денені барлық қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ете алмайды. Сіздің тәрелкеңізде әрқашан жоғары тағамдық құндылығы бар және қалыпты мөлшерде тамақ болуы керек. Бұл яғни ақуыз өнімдері, көмірсулар және көкөністер мен жемістер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная