09 маусым 2022 07:26

Дәрігер ішек қатерлі ісігінің алғашқы белгілерін атады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
© elements.envato.com

Онколог-проктолог Елена Смирнова "Доктор Питер" порталына берген сұхбатында ішек қатерлі ісігінің алғашқы белгілерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Онколог-проктолог Елена Смирнова "Доктор Питер" порталына берген сұхбатында ішек қатерлі ісігінің алғашқы белгілерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маман ішек қатерлі ісігінің алғашқы белгілері ретінде қан кету, диарея немесе іш қату, тамақтан кейін іште ауырсыну, бауырдағы ішек функциясының бұзылуы секілді жиі кездесетін белгілерді атады. Бойында осы белгілерді байқаған адамдарға дәрігерге баруға кеңес берді.

Дәрігер, сонымен қатар, америкалық гастроэнтерологиялық қауымдастықтың танымал препараттардың колоректальды қатерлі ісікке әсері туралы зерттеу деректерін бөлісті.

Реклама
Реклама

"Төмен дозада аспирин қолдану қан кету қаупі жоғары емес, 70 жастан асқан, өмір сүру ұзақтығы кемінде 10 жыл науқастарда тоқ ішек қатерлі ісігінің алдын алу үшін қолданылуы мүмкін және қолданылуы керек", - деді проктолог.

Смирнованың айтуынша, қант диабетімен ауыратын науқастарға метформин тағайындалуы мүмкін. Ішек қатерлі ісігінің алдын алу үшін D дәрумені мен кальцийді, фолий қышқылын және статинді қабылдауға болмайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram