26 желтоқсан 2021 | 10:53

Дәрігер вакциналанған адамдарда омикрон штамының белгісі қандай болатынын айтты

© Reuters

Ұлыбританиялық эпидемиолог, Лондондағы Корольдік колледжінің профессоры Тим Спектор омикрон штамының вакциналанған адамдарда пайда болуы мүмкін бірнеше белгісін атады. Бұл туралы Express басылымының мақаласында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбританиялық эпидемиолог, Лондондағы Корольдік колледжінің профессоры Тим Спектор омикрон штамының вакциналанған адамдарда пайда болуы мүмкін бірнеше белгісін атады. Бұл туралы Express басылымының мақаласында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, өзі бақылаған вакцина алған пациенттерде коронавирус симптомдары өте жеңіл болған.

"Көбінде жүрек айнуы, дене қызуының аздап көтерілуі, бас пен тамақ ауруы байқалды", - дейді ол.

Реклама
Реклама

Профессор вирус жұқтырғандардың ешқайсы ауруханаға жатқызылмағанын айтты. Сонымен қатар, олардың барлығы "екі және үш рет вакциналанғаны" атап өтілді. Оның сөзінше, вакцина аурудың ауырлығын "анық" төмендеткен.  

Бұған дейін де ұлыбританиялық ғалымдар омикрон штамына тән белгілерді айтқан болатын, олар: шаршау, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, мұрыннан су ағуы, тәбеттің жоғалуы.

Айта кетейік, 22 желтоқсанда Ұлыбританияда бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясының 106 мыңнан аса жағдайы анықталып, антирекорд орнады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная