Дәрігерлер миына қалам кіріп кеткен адамды құтқарды

Фото:elements.envato.com

Ресейлік дәрігерлер миына шарикті қалам кіріп кеткен адамды құтқарып қалды. 37 жастағы ер адамның көзінен бас сүйек қуысына, алдынан артына дейін миына кіріп кеткен қалам шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Науқас түнде қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген.

"Шарикті қалам мидағы маңызды тамырлар мен бағананы зақымдамай, 1 миллиметр жетпей жанап өткен. Бұл таңғажайып жағдай. Отаны мүмкіндігінше мұқият жүргізу үшін дәрігерлер шеберлігі қажет болды", - делінген аурухананың Instagram-парақшасында.

Реклама
Реклама

Операциядан кейін науқас тағы да КТ бақылаудан өтіп, реанимацияға ауыстырылды.

Айта кетейік, 2020 жылы қаңтарда Алматы қаласы Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының дәрігерлері "құйымшақ аймағының тератомасы" диагнозымен жаңа туған нәрестеден үлкен ісікті алып тастаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама