Дәрігерлер науқастың кеуде сүйегін 3D-принтер арқылы құйды

Дәрігерлер науқастың кеуде сүйегін 3D-принтер арқылы құйды Сурет wales.nhs.uk

Британияны? Суонси ?аласында?ы Моррисон госпиталіні? д?рігерлері 3D-принтер ар?ылы ер адамны? кеуде с?йегін ?алып?а келтірді. 71 жаста?ы Питер Мэггз обыр салдарынан к?кірек с?йегі мен ?ш ?абыр?асын кестіріп тастау?а м?жб?р бол?ан, - деп хабарлайды ABMU Health Board.

Британияның Суонси қаласындағы Моррисон госпиталінің дәрігерлері 3D-принтер арқылы ер адамның кеуде сүйегін қалыпқа келтірді. 71 жастағы Питер Мэггз обыр салдарынан көкірек сүйегі мен үш қабырғасын кестіріп тастауға мәжбүр болған, - деп хабарлайды ABMU Health Board.

Мұндай жағдайларда әдетте дәрігерлер операция кезінде медициналық цементтен протез құяды, алайда, 3D-баспа технологиясы имплантты титан құйындысынан жасап, операцияны екі сағат ертерек аяқтауға мүмкіндік берген. Протезді жасау кезінде көкірек тұсының компьютер томографиясы жасалды. Бұл осы тектес протездерді басып шығарудың алғашқы оқиғаларының бірі.  

Реклама
Реклама

Операция жалпы сегіз сағатқа созылған. Дәрігерлерідің сөзінше, имплант пациенттің кеудесіне дәл келген. Дәрігерлер болашақта мұндай имплонтациялауды ары қарай жалғастырмақ. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама