Дәрігерлер галстук тағудың зиянды екенін айтты

Tengrinews.kz мұрағатынан

Неміс д?рігерлері галстук та?уды? бас мида?ы ?ан айналымына кері ?сер ететінін аны?тады. Зерттеуді? н?тижелері Neuroradiology журналына жарияланды, деп хабарлады РИА Новости.

Неміс дәрігерлері галстук тағудың бас мидағы қан айналымына кері әсер ететінін анықтады. Зерттеудің нәтижелері Neuroradiology журналына жарияланды, деп хабарлады РИА Новости.

Шлезвиг-Голштейн университеттік ауруханасының мамандары галстук мойындырық көктамыры мен ұйқы күретамырын қысып, ағзаға кері әсер етеді деген тұжырымға келді.

Зерттеу жұмыстарына 30 адам қатысты. Олардың жартысына галстук тағылып, магнитті-резонансты томография жасалды. Қалғандары да тексеруден өтті, бірақ галстуксыз.

Реклама
Реклама

Зерттеу нәтижесінде галстуктың мидағы қан айналымды айтарлықтай төмендететіні анықталды.

Дәрігерлер мынадай мәселені көтеріп, дабыл қағып отыр: көптеген компаниялар мен мамандық иелерінде дресс-код міндеттелген және оның ішінде галстук пен жағалы жейде бар. Алайда жұмыс берушілер олардың зиянды екеніне бас қатырмайды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама