20 қаңтар 2022 | 09:06

ДДСҰ халықаралық сапарларды шектеу тиімсіз тәсіл екенін айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото: РИА Новости

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдай жөніндегі комитеті әлемдік қоғамдастыққа тиімсіз тәсіл екенін айтып, халықаралық сапарларға шектеуді алып тастауды немесе жеңілдетуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ДДСҰ сайтына сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдай жөніндегі комитеті әлемдік қоғамдастыққа тиімсіз тәсіл екенін айтып, халықаралық сапарларға шектеуді алып тастауды немесе жеңілдетуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ДДСҰ сайтына сілтеме жасай отырып.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай шектеулер пайда әкелмейді, бірқатар елге экономикалық және әлеуметтік жағынан ықпал етеді.

"Омикрон штамы халықаралық деңгейде таралмауы үшін омикрон нұсқасы табылғаннан кейін сапарларды шектеу уақыт өте келе мұндай шаралардың тиімсіз екенін көрсетеді", - деді ұйым өкілі.

Реклама
Реклама

ДДСҰ бетперде тағу, ПТР сынама немесе вакцина сертификаттарын ұсыну туралы талаптарға түсініктеме берді. Мамандар мұндай талаптар тәуекелді бағалауға негізделуі қажет әрі сапар шегетін адамдарға қаржылық ауыртпалық тудырмауы керек екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная