ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қазан 2021 | 11:46
ДДСҰ иммунитеті әлсіз адамдарға арналған вакцинаның үшінші компонентін мақұлдады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы иммунитеті әлсіз адамдарға арналған коронавирусқа қарсы екпенің үшінші дозасын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы иммунитеті әлсіз адамдарға арналған коронавирусқа қарсы екпенің үшінші дозасын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, иммундау бойынша сарапшылардың стратегиялық кеңес тобы иммунитеті әлсіз адамдарға қосымша екпе ұсынылуы тиіс деп санайды. Өйткені оларға "қалыпты екпе алу" жеткіліксіз болуы мүмін әрі COVID-19-дың ауыр түрімен қайта ауыруы ықтимал.
"Бұл ұсыныс үшінші екпеге арналған және иммуногенділік пен инфекция дерегі бұл адамдарға сәйкес келмейтінін көрсететін дәлелдерге негізделген", - деді ұйымның иммундау бөлімінің басшысы Кейт О'Брайен.
Сарапшылар қытайлық Sinovac немесе Sinopharm екпелерін алған 60 жастан асқан адамдарға екпенің қосымша дозасын ұсынды. Олар зерттеу нәтижесіне бұл екпелер егде жастағы топтарда "уақыт өте нашар жұмыс істейтінін" көрсетті деп түсіндірді.
Тәуелсіз сарапшылардан жиналған SAGE тобы 11 қарашада өтетін дозалар туралы барлық жаһандық деректерді әлсіз иммунитетке қатысты сұрақтар аясында қарастыруды жоспарлап отыр.
Ай сайын бүкіл әлемде шамамен 1,5 миллиард доза қолжетімді, бұл жыл соңына дейін әр елдің 40 пайызына екпе салу мақсатына жету үшін жеткілікті, бірақ біркелкі жүзеге асып жатқан жоқ. Сондықтан кеңес тобы ең алдымен егде жастағы адамдарға екі дозамен салуға баса назар аудару керек екенін атап өтті.
Бұған дейін ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырған болатын. Оның айтуынша, әлемнің бай және кедей елдері арасында екпе салудың біркелкі болмауы салдарынан моральдық апат алдында тұр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также