04 қараша 2021 | 09:04

ДДСҰ коронавирусқа қарсы тағы бір вакцинаны мақұлдады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
©REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдайларда Bharat Biotech компаниясының короновирусқа қарсы үнді вакцинасы Covaxin-ды қолдануға рұқсат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдайларда Bharat Biotech компаниясының короновирусқа қарсы үнді вакцинасы Covaxin-ды қолдануға рұқсат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

"ДДСҰ Bharat Biotech әзірлеген Covaxin вакцинасын пайдалануға рұқсат берді. ДДСҰ шақырған және әлем елдерінің сарапшыларынан тұратын техникалық кеңес беру тобы бұл вакцина ДДСҰ-ның COVID-19-дан қорғау стандарттарына сәйкес келеді, сонымен қатар, вакцинаның пайдасы әлдеқайда жоғары, бүкіл әлемде қолдануға болады деп шешті",-делінген ұйымның Twitter-дегі хабарламасында.

ДДСҰ 18 жастан асқан адамдар үшін төрт апта аралықпен Covaxin препаратының екі дозасын қолдануды ұсынады.

Реклама
Реклама

Клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінің нәтижелері бойынша Bharat Biotech вакцинасы айқын белгілері бар COVID-19-ға қарсы 77,8 пайыз тиімділік, аурудың ауыр түрлеріне қарсы 93,4 пайыз тиімділік, ал симптомсыз түрлеріне қарсы 63,6 пайыз тиімділік, "дельта" штамына қарсы да осындай ұқсас нәтиже көрсетті.

Covaxin 16 елде тіркелген, 50 мемлекетте вакцинаны мақұлдау процесі жүріп жатыр. Үндістанның өзінде компания төрт нысанда вакцина өндірісін жолға қойып, 1 миллиард доза "жылдық қуаттылыққа" жету үшін одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.

Жүктілік кезінде препаратты қолдану туралы деректер әлі жеткіліксіз, зерттеулер жүргізу жоспарда бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная