20 мамыр 2022 | 17:36

ДДСҰ маймыл шешегі ауруын талқылау үшін сарапшылардың төтенше жиналысын шақырды

ДДСҰ маймыл шешегі ауруын талқылау үшін сарапшылардың төтенше жиналысын шақырды. Бұл туралы Telegraph жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ДДСҰ маймыл шешегі ауруын талқылау үшін сарапшылардың төтенше жиналысын шақырды. Бұл туралы Telegraph жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылымның мәліметінше, кездесуде жаңа аурудың таралуы және оған қарсы вакцинация мәселелері талқыланады. Іс-шараға ДДСҰ-ның Төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының директоры Майкл Райан қатысады.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) өкілдері Ұлыбританияға келген адамдар арасында маймыл шешегінің таралу қаупін бағалаған еді. 

Реклама
Реклама

Маймыл шешегі адамдарға жануарлардан беріледі. Бұл - 1970-жылдары Конго Демократиялық Республикасында тіркелген сирек кездесетін вирусты зооноз ауруы. Инкубациялық кезең 5-тен 21 күнге дейін созылады. Симптомдарына бас ауруы және тері бөртпелері жатады. Бөртпе беттен басталып, дененің қалған бөлігіне таралады.

Айта кетейік, маймыл шешегі Ұлыбритания, Австралия, Италия, Швеция, Испания, АҚШ, Португалия және Германия елдерінде тіркелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная