ПОДЕЛИТЬСЯ
26 маусым 2021 | 17:19
ДДСҰ өкілі вакцина салдырғандар неге маска тағуы керек екенін түсіндірді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович коронавирусқа қарсы вакцина салдырған адамдарға бетперде тағу керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gazeta.ru басылымына сілтеме жасап.

"Сіз вакцина алсаңыз да немесе ауырып шықсаңыз да маска тағу керек. Себебі вакциналанған адам ауырмаса да, вирус оның ағзасына өтіп, ақылды бола түседі және бір сәтте ол басқа адамға жұғуы мүмкін, симптомсыз да", - деп түсіндірді ол.
Соңғы мәліметтер бойынша, Ресейде коронавирустың 21 665 жаңа жағдайы анықталды. Пандемия басталғалы бүкіл ел бойынша 5 430 753 адам ауырды, 132 683 адам қайтыс болды және 4 943 986 науқас жазылып шықты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также