ДДҰ басшысы: коронавирусқа қарсы мінсіз құрал жоқ, болмауы да мүмкін

© pixabay.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус бүгінде коронавирусқа қарсы тұра алатын мінсіз құрал жоғын, ол алдағы таңда да пайда болмауы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

"Бірнеше вакцина әлі клиникалық сынақтың үшінші фазасында тұр, бәріміз соның ішінде тиімді вакцинаны анықтап, адамдардың ауру жұқтыруының алдын ала аламыз деп үміттенеміз", - дейді ол дүйсенбідегі брифинг барысында. 

"Алайда бүгінде мінсіз құрал жоқ, ол пайда болмауы да мүмкін", - деді ДДҰ бас директоры.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, коронавирустың тарауын алдын алу үшін қажет шараларды қолдану керек. 

Еске салайық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда коронавирусты пандемия деп жариялаған. ДДҰ соңғы мәліметтері бойынша, дүние жүзінде коронавирус жұқтырған 17,6 миллион адам анықталған, 680 мың адам қайтыс болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама