02 маусым 2021 | 09:07

ДДҰ коронавирусқа қарсы жетінші вакцинаны мақұлдады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) қытайлық Sinovac вакцинасын шұғыл қолдану үшін кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) қытайлық Sinovac вакцинасын шұғыл қолдану үшін кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, бұл Қытайдың ДДҰ мақұлдаған Sinopharm-нан кейінгі екінші вакцинасы.

"Шұғыл рұқсат беру дегеніміз вакцинаның халықаралық қауіпсіздік, тиімділік және өндіріс стандарттарына сәйкес келетінін білдіреді", - деді ДДҰ өкілі.

Реклама
Реклама

Зерттеулерге сәйкес, Sinovac вакцина салдырғандардың жартысынан көбінде симптоматикалық аурулардың және пациенттердің 100 пайызында ауыр белгілер мен ауруханаға жатып қалуының алдын алған.

Sinovac-тың басты артықшылықтарының бірі - оны әдеттегі тоңазытқышта 2-8 градус температурада сақтауға болады. Бұл Sinovac вакцинаның көп мөлшерін төмен температурада сақтай алмайтын дамушы елдер үшін пайдалы екенін білдіреді.

Вакцинаның 200 миллионнан аса дозасы түрлі елге жеткізілді. Компания мәліметінше, бүкіл әлемде препараттың 100 миллионнан аса дозасы таралған. 

Енді ДДҰ мақұлдаған вакциналар тізімінде жеті препарат бар: AstraZeneca вакцинасының екі нұсқасы, қытайлық Sinovac және Sinopharm, Pfizer/BioNTech, Johnson & Johnson, сондай-ақ Moderna.

Еске салайық, Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерінде Hayat-Vax атауымен шығарылатын қытайлық Sinopharm вакцинасының миллион дозасын сатып алды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная