24 мамыр 2021 16:51

ДДҰ коронавирустан қайтыс болған дәрігерлер санын айтты

Фото ©REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус әлемде кем дегенде 115 мың медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус әлемде кем дегенде 115 мың медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

"Есеп әлі толық аяқталмаса да, кем дегенде 115 мың медицина қызметкері басқаларды қорғаймын деп баға жетпес өмірін қиды. Нағыз батыр - медицина қызметкерлері", - деді Гебрейесус Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 74-нші сессиясының ашылуында.

Оның айтуынша, әлемде медицина қызметкерлерінде көбіне адам өмірін сақтап қалу үшін жабдықтар мен дәрі-дәрмектер жеткіліксіз, олардың еңбегі лайықты бағаланбайды, оларды құрметтелмейді және жұмыс жағдайы қауіпсіз емес.

Реклама
Реклама

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы 24 мамыр мен 1 маусым аралығында виртуалды форматта өтеді. Оның негізгі тақырыбы - пандемияны тезірек тоқтату және мықты, қауіпсіз әрі әділ әлем құра отырып келесі пандемияға дайындықты қамтамасыз ету.

Сондай-ақ, сессияда ДДҰ жұмысының нәтижелері, оның ішінде ұйымның COVID-19 пандемиясы пайда болғандағы әрекеттері туралы баяндама айтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram