ПОДЕЛИТЬСЯ
06 маусым 2020 | 09:46
ДДҰ маска тағуға байланысты пікірін қайта қарады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) маска пайдалануға қатысты өз ұсыныстарын қайта қарады, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) маска пайдалануға қатысты өз ұсыныстарын қайта қарады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Мұның алдында ДДҰ масканы тек коронавирус жұқтырған науқастарға тағу ұсынылады деген мәлімдеме жасаған.
"ДДҰ вирус кең таралған және физикалық қашықтық сақтауға қиын соғатын жерлерде, мысалы, қоғамдық көлікте, дүкендерде және басқа да адам көп жерлерде маска тағуға кеңес береді", - деді ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус брифингте.
ДДҰ вирус белсенді таралған аудандарда және физикалық қашықтық сақтау мүмкін емес жерлерде созылмалы аурулары бар және 60 жастан асқан адамдарға маска тағуды ұсынады. Сондай-ақ, масканы барлық медицина қызметкері тағуы тиіс.
ДДҰ ұсынымдарында вирустан тиімді қорғану үшін маска кем дегенде үш қабаттан тұруы тиіс екені жазылған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также