05 маусым 2014 12:04

Денсауминнің жазуын Дэн Сяопин де оқи алмас...

goodvin.info фото

Кезінде түсініксіз етіп жазатындарды дәрігерсің бе деп мұқататын еді. Бүгінге дейін дәрігерлердің түсініксіз жазуынан құтыла алмағанымыз рас. Жазып берген диагнозы таңбалы тастағыдай тым түсініксіз. Тіпті қытай жазуынан да күрделі ме деп қаласыз. Расында бүгінде еліміздегі ауруханалар мен емханалар түгелдей компьютерлендірілген жоқ. Ауру тарихын қолмен жазады. Жазғаны құрысын. Ешкім түсінбеген соң. Тіпті дәріге жазып берген нұсқаулықтарын дәріханашы әріптестері де түсінбей жатады. Былтыр Шымкентке Латвиядан дәрігерлер келген болатын. Озық тәжірибелерін үйрету үшін. Бұрынғы одақ көлеміндегі елдердің ішінде медицинасы оқ бойы озық тұрған латыштар күліп кетті сонда. Қолмен жазу қалмапты ғой деп. Күлмей қайтсін біздегі дәрігерлер науқасты қарағанынан гөрі жазатын жазуы көп. Емханаға барсаң бір науқасты бір сағат қарайды. Онда да түсінікті тілмен жазса қанекей. "Алаш айнасы" осы мәселе төңірегінде ой қозғайды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram