27 қаңтар 2021 | 17:24

ДСМ коронавирусқа қатысты жағдайдың нашарлағанын мәлімдеді

Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Қазақстанда қаңтарда коронавирус жұқтыру дерегі желтоқсанмен салыстырғанда 10 пайызға өсті. Оның 73 пайызы еліміздің сегіз облысынан анықталған. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда қаңтарда коронавирус жұқтыру дерегі желтоқсанмен салыстырғанда 10 пайызға өсті. Оның 73 пайызы еліміздің сегіз облысынан анықталған. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шоранов инфекциялық орындардың 31 пайызына (6 492 төсек), реанимациялық орындардың 20 пайызына (374 төсек) науқастар орналастырылғанын хабарлады.

Реклама
Реклама

"Соңғы екі айда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалды. Қазақстан "жасыл" аймақтан "қызыл" аймаққа ауысты", - деп хабарлады денсаулық сақтау вице-министрі ОКҚ баспасөз конференциясында.

"Қызыл" аймаққа БҚО, Атырау облысы, Нұр-Сұлтан және Алматы кірді. Сондай-ақ, СҚО, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстары да осы қатарда. "Сары" аймақта Қарағанды облысы, қалғаны "жасыл" аймақта.

"Күнделікті мониторинг мәліметіне сүйенсек, қаңтарда желтоқсанмен салыстырғанда коронавирус жұқтыру дерегі 10 пайызға өскені байқалады. Бұл сегіз аймақтың "қызыл" деңгейге өтуіне байланысты. Бұл өңірлерде республика бойынша 73 пайыз коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная