Электронды шылымдардың зиян екендігі ғылыми түрде дәлелденді

Электронды шылымдардың зиян екендігі ғылыми түрде дәлелденді © GLOB-NEWS.COM

Америкалы? ?алымдар электронды шылымдар?а арнал?ан с?йы?ты?тарды? обыр тудыруы м?мкіндігін аны?тады. Зерттеу Environmental Science & Technology журналында жарияланды, - деп жазады Lenta.ru.

Америкалық ғалымдар электронды шылымдарға арналған сұйықтықтардың обыр тудыруы мүмкіндігін анықтады. Зерттеу Environmental Science & Technology журналында жарияланды, - деп жазады Lenta.ru.

Зерттеушілер электронды шылымдардың буында болатын альдегидтер концентрациясын өлшеп көрген. 

"Әрбір дем тарту кезінде тым көп альдегид бөлінеді, ал оның негізгі бөлігі хош иістендіргіш құрамының термикалық ыдырауынан болады", - деп түсіндірді ғалымдардың бірі Андрей Хлюстов. Бірнеше зерттеу қорытындысы бойынша, альдегидтер мөлшері АҚШ мемлекеттік өндірістік гигиенистері ассоциациясы бекіткен деңгейден асып отырған.

Реклама
Реклама

Еңбек авторлары аьдегид мөлшері шылымдағы хош иістендіргіш мөлшеріне қатысты болатынын айтады. Ғалымдар зерттеуін жалғастырып, басқа да дәмдік қоспалар альдегидтер мен өзге де улы қоспаларды бөлінетіндігін анықтап көрмек.

Мұның алдында, вейпер оқушылар электронды шылымнан бас тартып, кәдімгі темекіге өтіп жатқаны байқалған. 

Вейпинг - Электронды шылымдарды, яғни, ингаляторларды қолдану. Алғашында олар темекі шегу әдетімен күресу құралы ретінде сатылған. Уақыт өте вейпинг жастар арасындағы суб мәдениетке айналды.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама