07 маусым 2019 | 16:55

Елімізде репродуктолог дәрігерлер жетіспейді

Елімізде бедеулік мәселесі - өзекті. Мамандардың мәліметінше әрбір 5-6-жұп осы қиындықты басынан өткереді екен, - деп хабарлайды "Хабар 24"

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елімізде бедеулік мәселесі - өзекті. Мамандардың мәліметінше әрбір 5-6-жұп осы қиындықты басынан өткереді екен, - деп хабарлайды "Хабар 24"

Мысалы, Шығыс Қазақстанда жасанды ұрықтандыру әдісін қолдану үшін 600 әйел кезекте тұр. Ал ел бойынша репродуктолог дәрігерлер жетіспейді. Аталған жолмен бала көтеруге қажетті дәрі-дәрмектер де тым қымбат.

Реклама
Реклама

Дегенмен, көршілес Ресейге европалық өндірушілер сол дәрілерді біршама арзан бағамен жеткізіп отыр. Өскеменде өткен ғылыми-тәжерибелік басқосуда осы сынды кедергілер талқыланды. Саланың мықты мамандары бедеулікті емдеу технологиясын алыс өңірлерге жеткізу ең маңызды шешім деп санайды. Мәселен бұл бағытта Өскеменде арнайы клиника ашылды.

"Бедеулікті емдеу технологиясы әртүрлі өтеді.Бір адам үшін бір ай ғана созылса енді біреу үшін бірнеше айға,кейбіреу үшін бір жылға созылуы мүмкін.Сондықтан мысалы осы облыстың тұрғындары ұзақ уақыт бойы Алматы немесе Нұрсұлтанда тұра алмайды ғой. Сол себепті бұл әдісті біз қолжетімді етуге тырысып жатырмыз. Осы жолы міне Өскеменде ,ал келесі жолы Семей қаласын жоспарлауымыз мүмкін", - дейді емдеу бойынша орталықтар жүйесінің ғылыми директоры Салтанат Байқошқарова. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная