14 ақпан 2014 16:36

Емханалар кешкі 8-ге дейін жұмыс істейтін болды

Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Солтүстік Қазақстан облысы орталығы Қызылжардағы емханалар бұдан былай кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ауруына ем іздегендер алдымен дәрігерге талон алу үшін таңғы алтыдан кезекке тұрады. Қызылжарда әсіресе неврапатолог, окулист пен отоларингологқа қаралушылар саны басым. Кейде тәулік бойы кезекте тұрып, артынан қолына талон ала алмай кететін науқастар да аз емес. № 1-ші қалалық аурухананың бас дәрігері Александр Лярский бұл жағдайды маман тапшылығымен байланыстырып отыр. Оның сөзіне қарағанда, дәрігер қабылдауына алдын-ала жазылып, келмей қалатындар көп екен. "Мысалы 2013 жылы дәрігер қабылдауына алдын ала жазылған 8 560 адамның 3000-ы қабылдауға мүлде келмей қойған. Осындай жауапсыз адамдардың кесірінен басқалары дәрігерге жете алмай қалып жатады", - дейді ол. Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 321 дәрігер жұмыс жетіспейді. Осыны ескерген Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұзын-сонар кезектерді қысқарту мақсатында Қызылжар емханаларының жұмыс кестесіне өзгерістер енгізді. Аптаның алғашқы бес күнінде ақ халаттылар кешкі сегізге, ал сенбі күндері таңғы 9-дан күндізгі 3-ке дейін тұрғындарды қабылдайтын болады. Бұрын науқастанғандарды кешкі 18.00-ге дейін ғана қабылдайтын.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram