14 маусым 2022 08:16

Эндокринолог кәдінің пайдасы туралы айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: ©РИА Новости

Ресейлік эндокринолог Полина Жаркова кәдінің пайдасы мен артықшылықтары туралы айтты, - деп хабарлайды "Известия" басылымы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік эндокринолог Полина Жаркова кәдінің пайдасы мен артықшылықтары туралы айтты, - деп хабарлайды "Известия" басылымы.

"Кәді - артық салмақпен күресуде тамаша көмекші. 100 грамм кәдіде небәрі 24 килокалория бар. Бұл көкөністің 95 пайызы су, ал қалған 5 пайызы пайдалы талшықтар, микроэлементтер мен дәрумендер. Құрамында крахмал аз болғандықтан ас қорытуды жақсартуға және ішектерді тазартуға көмектеседі», - дейді маман.

Оның айтуынша, кәдінің құрамында С дәрумені көп. Бұл көкөніс жасушалардың ерте қартаюына жол бермейтін күшті антиоксидант. Кәді теріні, қан тамырларын, сүйектерді және тістерді қалпына келтіруге көмектеседі.

Реклама
Реклама

"Ол инфекциямен күресуге жауапты лейкоциттердің синтезін ынталандырады. Цуккини құрамындағы А дәрумені арқылы көздіің көру қабілетін қадлпына келтіреді, иммундық жүйені нығайтады және ұрпақ сүю қызметін жақсартады", - деп жалғастырды Жаркова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram