ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қараша 2021 | 09:40
Ерте қартаюдан сақтайтын қарапайым әдіс аталды
Ресейлік диетолог Ольга Чунтонова Е дәрумені неге "әйелдікі" деп аталатынын, ағзада жетіспесе не істеу керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ресейлік диетолог Ольга Чунтонова Е дәрумені неге "әйелдікі" деп аталатынын, ағзада жетіспесе не істеу керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
"Е дәрумені көбінесе "әйел дәрумені" деп аталады. Ол ерте қартаюдан сақтап, сау баланың дүниеге келуіне көмектеседі. Е витаминінің жеткілікті болмауы репродуктивті функцияның бұзылуына әкеледі", - деп атап өтті сарапшы.
"Жетіспеушіліктің негізгі көріністері - бұлшықет дистрофиясы, қозғалыстың бұзылуы, бастысы көру қабілетінің нашарлауы. Тері икемділігін жоғалтады, шашқа да әсер етеді, шаш түсе бастайды", - деп толықтырды Чунтонова.
Диетолог құрамында Е дәрумені бар тағамдарды айтты. Олар: бадам, брокколи, лосось, болгар бұрышы, бидай майы, авокадо.
"Витаминді алдын алу шарасы ретінде қабылдауға болады, бірақ D витаминімен бірге қолдануға болмайды. Ал А және С витаминдері, керісінше, Е дәруменімен байланысты. Витаминді эпилепсия белгілері болса, қолдануға болмайды", - деп қорытындылады маман.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также