Ерте қартаюдың себебі айтылды

© steptohealth.ru

Колумбия университетіні? ?алымдары ?ытайды? Тунлян ?аласында?ы к?мір электр станциясы ма?ында?ы д?ниеге келген балалар мен станция жабыл?аннан кейін ту?ан н?ресетелерді? теломерлерін ?лшеп, со??ыларыны? хромосома шеттері ?зыныра? келетінін аны?та?ан. Осылайша, лас ауа ерте ?артаю?а алып келеді екен, - деп жазады MedicalXpress.

Колумбия университетінің ғалымдары Қытайдың Тунлян қаласындағы көмір электр станциясы маңындағы дүниеге келген балалар мен станция жабылғаннан кейін туған нәресетелердің теломерлерін өлшеп, соңғыларының хромосома шеттері ұзынырақ келетінін анықтаған. Осылайша, лас ауа ерте қартаюға алып келеді екен, - деп жазады MedicalXpress.

Теломерлер жасушының бөлінуі кезінде ДНҚ-ны жойылудан сақтайтын хромосомалардың шеткі бөліктері. Алайда митоз (жасушаның бөлінуі) кезінде теломерлер қысқарып, бұл геномның тұрақсыздығын күшейтеді. Ақыры жасуша бөлінбейді де, өледі. Теломерлердің қысқа болуы қатерлі ісік, жүрек-қан тамырлары аурулары, когнитив қабылеттердің төмендеуі, жылдам қартаю мен ерте көз жұмумен байланысты болатынын дәлелденген. 

Зерттеушілер 225 нәрестенің теломерлерін өлшеген. ЖЭС жабылғанға дейін дүниеге келген нәрестелердің ағзасында хош иісті көмірсутегінің полициклидтердің ДНҚ-ға қатты әсер еткені білінген. Сонымен қатар, бұл химиялық заттардың деңгейі теломерлердің ұзындығы және нейрондарды қалыптастыруға қатысатын, мидың нейротрофикалық факторына да кері әсер ететіні анықталған. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама