Филиппинде коронавирустың жаңа түрі анықталды - БАҚ

Фото: REUTERS

Филиппинде коронавирустың мутациялаған штаммы табылды. Ол инфекцияның бастапқы нұсқасына қарағанда тез жұғады деген болжам бар, - деп хабарлайды Inquirer.net.

Филиппинде коронавирустың мутациялаған штаммы табылды. Ол инфекцияның бастапқы нұсқасына қарағанда тез жұғады деген болжам бар, - деп хабарлайды Inquirer.net.

Филиппиндегі геномды зерттеу орталығындағылар Кесон-Сити қаласында коронавирус жұқтырғандар арасында G614 жаңа штаммы анықталғанын мәлімдеді.

Мутация маусым айында байқалған. Сол айда алғаш рет ол Малайзияда ауырғандардан табылған.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ дәрігерлер G614 вирусын тасымалдаушылардың жұқтыру қаупі жоғары деген расталмай отырғанын айтты. Олар вирустың мутациясы клиникалық көрсеткішке әсер етпейтінін жеткізді.

"Мутация клиникалық көрсеткіштерге әсер етпейтін секілді", - дейді ғалымдар. 

Аурудың бұл түрінен қайтыс болғандардың саны артпаған, ал симптомдары кәдімгі вируспен бірдей.

Алайда ғалымдардың айтуынша, штамды зерттеу арқылы коронавирус эпидемиясын жақсы түсінуге және оған қарсы шараларды қабылдауға көмектеседі.

Worldometer деректері бойынша, Филиппинде 164 мыңнан аса адам COVID-19 жұқтырған және 2 681 науқас қайтыс болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама