ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қараша 2020 | 09:14
Ғалымдар адам ағзасында коронавирусқа қарсы антидене қанша уақыт сақталатынын айтты
Нью-Йорктегі "Маунт Синай" медициналық орталығының мамандары зерттеу жүргізіп, адам ағзасында коронавирусқа қарсы антиденелер қанша уақыт бойы сақталатынын анықтады, - деп хабарлайды Газета.ru.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нью-Йорктегі "Маунт Синай" медициналық орталығының мамандары зерттеу жүргізіп, адам ағзасында коронавирусқа қарсы антиденелер қанша уақыт бойы сақталатынын анықтады, - деп хабарлайды Газета.ru.
Зерттеу барысында бұған дейін коронавирус анықталған 30 мың адамның материалына талдау жүргізілген.
Мәліметтерге сәйкес, коронавирустан жеңіл өткен науқастарда COVID-19-ға қарсы антидене бес ай бойы сақталатыны анықталған.
Мамандар организмдегі антиденелер бірнеше айдан кейін азая бастайтынын және бұл жағдайда адамдар инфекцияны қайта жұқтыруы мүмкін екенін атап өтті.
Ғалымдардың сөзінше, антидене көбіне 75 жастан асқан адамдарда, ауруды симптомсыз өткергендерде тез азаяды.
Бұған дейінгі америкалық мамандар жасаған зерттеуде коронавирустан жеңіл өткен адамдарда антидене тек үш ай бойы сақталатыны анықталған.
Қазан айының басында канадалық мамандар да зерттеу нәтижесі бойынша адам организмінде коронавирусқа қарсы антидене шамамен үш бойы сақталатынын мәлімдеген еді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также