Ғалымдар алкогольдің жарыместікті тудыратынын дәлелдеді

Ғалымдар алкогольдің жарыместікті тудыратынын дәлелдеді © lechebnaya-lavka

Канаданы? Психикалы? саулы?ты зерттеу орталы?ыны? ?алымдары алкоголь ішімдіктерді ?немі пайдалану жарыместікті? барлы? т?ріні? даму ?аупін арттыратынын аны?тады. Зерттеу ?орытындысы MedicalXpress журналында жарияланды. 

Канаданың Психикалық саулықты зерттеу орталығының ғалымдары алкоголь ішімдіктерді үнемі пайдалану жарыместіктің барлық түрінің даму қаупін арттыратынын анықтады. Зерттеу қорытындысы MedicalXpress журналында жарияланды. 

Мамандар Францияда тіркелген ерте деменцияның 60 мың жағдайын сараптаған. 57 пайыз жағдайда бұл ер адамдардың күніне 60, ал әйелдердің 40 грамм этанол қабылдауына байланысты болды. 

Осылайша, анықталған корреляция ұзақ мерзімді алкоголизм жарыместіктің жас кезде де пайда болуына соқтыратынын көрсетіп отыр. 

Реклама
Реклама

Зерттеушілердің сөзінше, ішімдікті жиі пайдалану адам өмірін 20 жылға дейін қысқартады екен. Ішімдікке әуестіктен жарыместікке әйелдер көбірек шалдықса, ал ер адамдар когнитив ауытқулардан жиі зардап шегетін болып шықты. 

Сонымен қатар, ішімдікке әуестік шылым шегу, қан қысымының жоғарлығы, диабет, депрессия мен естудің нашарлауы сияқты деменцияға түрткі болатын өзге де факторлармен байланысты. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама