Ғалымдар COVID-19 белгілерін анықтай алатын маска ойлап тапты

Фото:straitstimes.com

Сингапур ғалымдары коронавирус белгілерін анықтай алатын арнайы маска ойлап тапты, - деп хабарлайды Straits Times.

Сингапур ғалымдары коронавирус белгілерін анықтай алатын арнайы маска ойлап тапты, - деп хабарлайды Straits Times.

Жаңа аскада импульс, дене температурасы, қысым және оттегі деңгейі сияқты адамның әртүрлі көрсеткіштері туралы мәлімет жинайтын сенсорлар орнатылады. Осы көрсеткіштерге сүйене отырып, коронавирус инфекциясы туралы қорытынды жасауға болады дейді ғалымдар.

Мамандардың айтуынша, маскадағы сенсорлар әр жарты сағат сайын денсаулығы туралы мәліметтерді ұялы телефондағы арнайы қосымшаға жібереді.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ол масканы жууға және қайта пайдалануға болатыны айтылады.

Дереккөз мәліметінше, ғалымдар қыркүйек айының соңына қарай жүйенің клиникалық сынақтарын өткізуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта масканың бағасы 36 доллардан асады, бірақ жаппай өндіріс кезінде ол 14,6 долларға дейін төмендеуі мүмкін дейді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама