31 қаңтар 2022 14:25

Ғалымдар COVID-19-ға қарсы "супериммунитет" дамуы мүмкін жағдайды атады

© Reuters

Вакцинациядан кейін коронавирустың омикрон штамын жұқтырған науқастарда COVID-19-ға қарсы "супериммунитет" дамуы мүмкін. Мұндай мәліметті Орегон денсаулық және ғылым университетінің ғалымдар тобы анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зерттеушілер бұл туралы Business Insider басылымындағы мақалада жазды. Материалда "супериммунитет" тек вакцина негізінде жұмыс істейді, өйткені аурудан кейінгі табиғи қорғаныс тек "жай" қорғаныс ретінде әсер ететіні айтылған.

Ғалымдар дерегіне сүйенсек, дельта штамының таралуы кезінде вакцина алған азаматтар Pfizer препаратының екінші екпесіне қарағанда тиімдірек қорғанысқа ие болған.

Реклама
Реклама

"Антиденелер деңгейі ғана емес, сонымен қатар әртүрлі нұсқаны бейтараптандыру мүмкіндігі де жоғары", - деді зерттеудің бірлескен авторы Фикаду Тафессе.

Оның айтуынша, толық вакцина алған адам ауру жұқтырса, ағза коронавирустың өзгергіштігі туралы ақпарат алады, бұл "антиденелер жиынтығының күрделілігінің қосымша деңгейін тудырады".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram