05 қаңтар 2020 09:32

Ғалымдар қан қысымын түсіруге көмектесетін шырынды атады

Хельсинки университетінің ғалымдары қан қысымы жоғары болған жағдайда қандай шырын төмендетуге көмектесетінін атады, - деп хабарлайды Medical Xpress.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хельсинки университетінің ғалымдары қан қысымы жоғары болған жағдайда қандай шырын төмендетуге көмектесетінін атады, - деп хабарлайды Medical Xpress.

Доктор Энн Кивимяки егеуқұйрықтарды пайдаланып, гипертензиямен зертханалық-тәжірибелік зерттеу жүргізді. Үш ай бойы оларға мүкжидек шырындарын, қарақат және итбүлдірген (қызылжидек) беріп отырған. Бұл жидектерде көп мөлшерде жүрек-тамыр ауруларының қаупін төмендететін полифенолдар бар екен.

Реклама
Реклама

Сараптама нәтижесінде итбүлдірген сусыны қан қысымын айтарлықтай төмендететіні байқалған, қойылтылған шырын тамырлардың жұмысына оң әсерін берген. Қалған шырындардың нәтижесі айтарлықтай байқалмаған. 

Зерттеудің авторы бұл мәліметтерді адамдарға сынап көру керек екенін айтады. "Итбүлдірген шырыны дәрі-дәрмекті алмастырмайды, алайда бұл тағамға жақсы қоспа", - дейді Кивимяки.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram