20 желтоқсан 2020 | 10:18

Ғалымдар коронавирус мутацияға ұшырап, жылдам таралып жатқанын растады

Фото:elements.envato.com

Ғалымдар Ұлыбританияда коронавирус инфекциясы мутацияға ұшырап, жылдам таралып жатқанын растады. Бұл туралы Англияның бас дәрігері, профессор Крис Уиттидің мәлімдемесінде айтылды, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ғалымдар Ұлыбританияда коронавирус инфекциясы мутацияға ұшырап, жылдам таралып жатқанын растады. Бұл туралы Англияның бас дәрігері, профессор Крис Уиттидің мәлімдемесінде айтылды, - деп хабарлайды РИА Новости

"Біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын ескерттік және не болып жатқанын түсіну үшін қолжетімді деректерді талдауды жалғастырамыз. Вирустың жаңа түрі өлім-жітімнің жоғарылауына немесе вакцина мен емдеуге қалай әсер ететіні туралы дерек әлі жоқ, бірақ оны растау үшін шұғыл түрде зерттеу жүргізіліп жатыр", - деді Уитти.

Реклама
Реклама

Осы аптаның басында ұлыбританиялық ғалымдар коронавирустың жаңа түрінің пайда болғанын, ол тез таралып жатқанын хабарлаған. Ол туралы Ұлыбритания денсаулық сақтау министрі Мэтт Ханкок мәлімдеді.

Айта кетейік, Ұлыбританияда өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 27 052 дерегі тіркелді. 19 желтоқсандағы жағдай бойынша ауру жұқтырғандар саны 2 миллионнан асты, 534 адам қайтыс болды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Жалпы пандемия басталғалы бері Ұлыбританияда 2 миллион 4 мың 219 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды, 67 мың 75 адам аурудан қайтыс болды.

Ұлыбритания үкіметі коронавирус жағдайының нашарлауына байланысты Лондонда және Англияның оңтүстік-шығысындағы бірқатар аймақта шектеулердің төртінші деңгейі енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы елдің премьер-министрі Борис Джонсон сенбіде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

"Бұл шектеулер ұлттық локдаунға ұқсас болады... Рождествода басқа отбасылармен кездесуге тыйым салынады", - деді Джонсон.

Азық-түлік емес дүкендер, спортзалдар мен шаштараздар қайта жабылады, адамдарға үйден көп шықпауға кеңес беріледі.

Шектеулер жексенбі күні таңертең күшіне енеді және 2 аптаға созылады. Карантин талабын жеңілдету 30 желтоқсанда қайта қаралады.

Шектеулердің бірінші, екінші және үшінші деңгейі бар аудандардағы тұрғындар төртінші деңгейдегі аудандарға кіруге тыйым салынады.

Лондон мэрі Садық Хан алдағы Рождествоны атап өту Ұлыбритания астанасының тұрғындары үшін қиынға соғатынын, мұндай жағдай тек
Екінші дүниежүзілік соғыста болғанын атап өтті.

"Бізді жаңа шектеулер алаңдатады. Мұндай жағдай тек соғыстан кейін болған еді. Рождествоны атап өту қиынға соққалы отыр. Бұл қиын кезеңді еңсеру үшін күш жинау керек. Жаңа ережелерді сақтап жүріңіздер", - деп жазды ол Twitter желісіндегі парақшасында.

Жұмада Оңтүстік Африка Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің генетиктері елде жаңа коронавирус инфекциясының мутацияға ұшырау дерегін анықтағанын хабарлады.

501.V2 деп аталатын вирустың түрі осыған дейін тіркелген мутацияларға қарағанда тез тарайтыны анықталған.

Сонымен қатар, Оңтүстік Африка Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, пандемияның алғашқы толқынымен салыстырғанда 501.V2 вирусы COVID-19 жұқтырған жас науқастардың жағдайын нашарлатып жіберген. Оларда созылмалы ауру болмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная