07 қыркүйек 2020 16:31

Ғалымдар коронавирустан қорғайтын нанодене анықтады

Фото: elements.envato.com

Ғалымдар коронавирустың жасушыларға кіруін барынша тежейтін нанодене анықтады. Зерттеу нәтижесі Nature Communications журналында жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымдар коронавирустың жасушыларға кіруін барынша тежейтін нанодене анықтады. Зерттеу нәтижесі Nature Communications журналында жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Швецияның Каролин университетінің мамандары түйенің жұқа терісіне тікенді ақуыз енгізді. Ол арқылы коронавирус ағзаның жасушыларына түседі. 60 күннен кейін жануардың қанына талдау жасалған және нәтижесі иммунитеті жақсы екенін көрсеткен. Содан соң ғалымдар одан клон жасап, жануардың В-лимфоциттерінен шыққан наноденені зерттеген.

Реклама
Реклама

Нәтижесінде мамандар АСЕ2 рецептірімен байланысатын және вирустың адам ағзасына кіруін тоқтататын, тікенекті ақуыздың бөліктеріне қосылатын Ту1 наноденесін анықтады. 

Кәдімгі антиденеге қарағанда наноденелердің көлемі айтарлықтай кішкентей, өте қарапайым және пайдалы екен. Сондай-ақ бұл наноденеге адам ағзасы бейімделе алатыны айтылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram