05 мамыр 2020 | 15:12

Ғалымдар коронавирусты анықтаудың тағы бір тәсілін тапты

Сурет: elements.envato.com

АҚШ-тағы Раш университетінің ғалымдары қан плазмасындағы suPAR ақуызының жоғары деңгейі коронавирустың барын көрсете алатынын анықтады. Сондай-ақ, бұл көрсеткіш арқылыр коронавирус жұқтырған пациенттердің жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылу мүмкіндігін болжауға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жарияланған зерттеу мәтініне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тағы Раш университетінің ғалымдары қан плазмасындағы suPAR ақуызының жоғары деңгейі коронавирустың барын көрсете алатынын анықтады. Сондай-ақ, бұл көрсеткіш арқылыр коронавирус жұқтырған пациенттердің жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылу мүмкіндігін болжауға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жарияланған зерттеу мәтініне сілтеме жасап.

Адам ағзасындағы бұл ақуыздың жоғары деңгейі аурудың ауырлық деңгейін көрсетеді. Сондай-ақ, ақуыздан иммун жүйесінің іске қосылғанын түсінеміз. Ғалымдар вирус жұқтырмаған пациенттердің suPAR көрсеткіші бір миллилитрге 5 нанограмнан немесе одан да аз келетінін анықтады, ал коронавирус бар науқастарда 6 нанограмм және одан жоғары. Бұл ретте адамда бір миллилитрге 6 немесе одан көп нанограмм деңгейі болса, оны жасанды тыныс алдыру аппаратына қосқан. 

Реклама
Реклама

"Бұл әлемдегі COVID-19 науқастарынан suPAR ақуызыгың жоғары деңгейі анықталған алғашқы зерттеу", - деді дәрігер, зерттеуші Йохен Рейзер.

"Қандағы suPAR-дің жоғары деңгейі ауыр жағдайлармен байланысты екенін көрсететін көптеген оқулық бар. Бұл науқастардың тыныс алуы мен өкпенің қызмет етуідегі қиындықтардың пайда болуына байланысты", - деп түсіндірді дәрігер.

Оның айтуынша, suPAR мен тыныс алу проблемалары арасындағы байланыс дәрігерлерге қай пациентті ерте кезеңде жасанды тыныс алдыру аппаратына қосу керегін түсінуге көмектеседі.

Бұған дейін Нью-Йоркте жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған коронавирус жұқтырған пациенттердің 88 пайызы қайтыс болатыны хабарланған. Сондай-ақ, АҚШ-та COVID-19-дан екі айда тұмаумен салыстырғанда көбірек адам көз жұмғаны жазыған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная