Ғалымдар коронавирусты емдеудің жаңа әдісін тапты

Ғалымдар коронавирусты емдеудің жаңа әдісін тапты Фото: aa.com.tr

Лондон империялық колледжінің ғалымдары коронавирусты емдеудің жаңа әдісін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лондон империялық колледжінің ғалымдары коронавирусты емдеудің жаңа әдісін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зерттеу жұмысы 2020 жылдың наурызынан маусым аралығында жүргізілген. Оған коронавирустың ауыр түрімен ауырған 403 науқас қатысқан. Зерттеуге қатысушыларды ғалымдар 3 топқа бөлген. Бірінші топқа жеті күнде төрт рет гидрокортизонның 50 миллиграммі, ал екінші топқа бұл дәрі қан қысымы төмендегенде ғана берілген. Үшінші топқа бұл дәрі берілмепті.

Ғалымдар 7 күн бойы гидрокортизон қабылдаған науқастардың аурудан жазылуға мүмкіндігі 93 пайызға жоғары, екінші топта дәрінің 80 пайызға тиімді болғанын анықтаған.

Реклама
Реклама

"Стероидтер дәрі емес, бірақ олар нәтижелерді жақсартуға көмектеседі. Сонымен қатар, дәрі-дәрмек мәселесін шешуге септігін тигізеді", - дейді зерттеуді басқарған ғалым Энтони Гордон.

Сондай-ақ, ғалымдар СOVID-19-дың ауыр түрімен ауырған науқастарға дексаметазон мен метилпреднизолон дәрілерінің қалай әсер еткенін зерттеген.

Зерттеу барысында метилпреднизолон өлім қаупін 9 пайызға (оны 9 адамнан тұратын топ қабылдаған), ал дексаметазон өлім қаупін 36 пайызға төмендететіні (оны 1282 науқас қабылдаған) анықталған.

"Бұл нәтижелер стероидтердің COVID-19-дың ауыр түрімен ауырған науқастарды емдеуге көмектесетінін көрсетеді", - дейді ғалым Джонатан Ван-Там. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама