Ғалымдар безеудің пайда болуының себебін атады

© eremnet.com

Америкалы? ?алымдар тері ауруларыны? ас?ынуы, оны? ішінде безеуді? пайда болуыны? негізгі себептерін атады, - деп хабарлайды Lenta.ru. Мамандар б?л туралы Микробиологиялы? ?о?амны? жыл сайын ?ткізілетін конференциясында айтты.

Америкалық ғалымдар тері ауруларының асқынуы, оның ішінде безеудің пайда болуының негізгі себептерін атады, - деп хабарлайды Lenta.ru. Мамандар бұл туралы Микробиологиялық қоғамның жыл сайын өткізілетін конференциясында айтты.

Олардың айтуынша, бет терісінде безеудің болуы немесе болмауы нақты бір бактерияға емес, терідегі жалпы микрофлораға байланысты.

Осылайша, ғалымдар 72 адамның бет терісінің микрофлорасын зерттеді. Айта кетейік, олардың 38-нің бетінде безеулер болды. Сол адамдардың микрофлорасында Propionibacterium acnes анықталды, яғни, теріге қауіпті бактерия уыттары бар екені белгілі болды. Ал безеулері жоқ адамдардың бет терісінің микрофлорасы өзгешелеу болды. Яғни, оларда бактерия уыттарын тудыратын Propionibacterium acnes бактерияларына теріс әсер ететін мүмкіндіктер бар.

Реклама
Реклама

Мамандардың айтуынша, бет терісіндегі барлық бактерияны антибиотиктердің көмегімен жойғаннан гөрі бактериялардың терідегі табиғи балансын сақтап тұру маңыздырақ.

Сондай-ақ, ғалымдар адамдардың 80-85 пайызында жас кезінде безеулердің пайда болатынын айтып өтті. Олардың айтуынша, бет терісіндегі безеулердің пайда болуына терідегі түк фолликуларының асқынуы себеп болып отыр. Сондай-ақ, ғалымдар безеуге ас қорыту жүйесіндегі проблемалар, гормонды өзгерістер мен терінің бактериялармен ластануы себеп болатынын айтты.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама