Ғалымдар бойы аласа әйелдерде мерзімінен бұрын босану жағдайы жиі кездесетінін анықтады

© Reuters

Бойы 155 сантиметрден төмен әйелдердің 9,4 пайызы уақытынан бұрын - 37 аптада, 1,1 пайзы 32 аптада бостанады. Ал бойы 179-196 сантиметр аралығындағыларда бұл көрсеткіш екі есеге төмен, яғни - 4,98 және 0,48 пайыз. Бұл туралы  PLOS One басылымында жарияланған зерттеу жұмысында айтылады.

Зерттеуге Швециядағы 1973-1988 және 1991-2009 жылдар аралығында босанған 192432 әйелдің мәліметтері алынды. Ғалымдардың айтуынша, әйел бойының әрбір 1 сантиметрге кіші болуы, оның уақытынан 0,2 күн бұрын босануына әкеледі. Мамандар бойы аласа әйелдердің балаларды мерзімінен бұрын тууына олардың денесіндегі бала жетілетін орынның аз болуы себеп деп есептейді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама