Ғалымдар Facebook-ті пайдалану мен өмір ұзақтығы арасындағы байланысты айтып берді

© Zismo.Biz

Калифорния университеті ж?не Йель университетіні? ?алымдары ?леуметтік желілерді? адамдар денсаулы?ына ?алай ?сер ететіндігіне зерттеу ?ткізді. Оларды? м?лімдеуінше, Facebook желісінде адамдарда не??рлым дос к?п болса, ондай адамдар арасында ?атарластарына ?ара?анда ?лім-жітім аз болады екен, - деп хабарлайды Life.ru.

Калифорния университеті және Йель университетінің ғалымдары әлеуметтік желілердің адамдар денсаулығына қалай әсер ететіндігіне зерттеу өткізді. Олардың мәлімдеуінше, Facebook желісінде адамдарда неғұрлым дос көп болса, ондай адамдар арасында қатарластарына қарағанда өлім-жітім аз болады екен, - деп хабарлайды Life.ru.

Сарапшылар желіні жиі пайдаланатын 12 миллион америкалықтардың денсаулығы туралы ресми мәліметтерді салыстырған. Facebook-ті шектеулі пайдаланып, Интернеттен тыс қарым-қатынасқа түсетіндердің өмірі ұзағырақ болады. Ал әлеуметтік желіде мүлде отырмайтындар және желіні белсенді пайдаланатындар да жиірек құрдастарымен қатар көз жұматын көрінеді. Сонымен бірге, статистика бойынша достыққа ұсынысты қабылдау, өз тарапынан ұсыныс жасауға қарағанда денсаулыққа пайдалырақ болып шықты.

Зерттеу 1945 және 1989 жылдар аралығында туған адамдарға қатысты жүргізілген. Бұл әлеуметтік желіде тіркелу жылы өздігінен 1990 жылдан басталатындықтан жасалған. 

Реклама
Реклама

Өмірден өтіп кеткен пайдаланушылардың Желідегі әрекеті мен олардың өлім себебі және көзі тірі адамдардың әрекеті денсаулық жағдайымен сарапқа салынды.  Осы арқылы достыққа ұсынысты көп қабылдап, суреттерден гөрі жиірек статустар жариялайтындардың өмірі ұзағырақ болып шықты. Ал өз тарапынан достыққа ұсыныс беру, жиі хабар алмасу және лайктардың көп болуы өмір жастың ұзақ болуымен байланыспады. Бұндай белсенділік Ғаламтордан тыс қарым-қатынастың аздығын білдіреді екен.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама