Ғалымдар инсульт қатерінен қалай сақтану керек екенін айтты

© stock.adobe.com

Йель университетіні? ?алымдары ??рамында транс-майы к?п азы?-т?ліктен бас тартуды? инсульт пен ?стамалы ж?рек ауруыны? ?атерінен са?тайтынын аны?тады. Б?л туралы университетті? ресми сайтында жазыл?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Йель университетінің ғалымдары құрамында транс-майы көп азық-түліктен бас тартудың инсульт пен ұстамалы жүрек ауруының қатерінен сақтайтынын анықтады. Бұл туралы университеттің ресми сайтында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғалымдар Нью-Йоркте 2002-2013 жылдар арасында ауруханаға түскен адамдарға қатысты статистикалық мәліметтерді зерттеудің негізінде осындай шешімге келген. Сондай-ақ, майлы тағамдарды қысқартқан инсульт пен ұстамалы жүрек ауруымен ауырған науқастардың санының алты пайызға қысқарғаны айтылады.

"Рационнан транс-майларды алып тастау арқылы инсульт пен ұстамалы жүрек ауруының қатерлерінен айтарлықтай сақтануға болады. Транс-майларға мемлекеттік деңгейде тыйым салынса, бұл миллиондаған адам үшін нағыз жеңіс болар еді", - дейді зерттеу авторларының бірі.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, қытырлақ картоптарда, крекерлерде, қуырылған тағамдарда және нан-бөлішке өнімдеріндегі транс-майлар аса қауіпті болып саналады екен. Сондықтан көптеген денсаулық сақтау ұйымдары құрамында транс-майы көп азық-түлік өнімдерінен бас тартуға кеңес береді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама