Ғалымдар қол ұстасудың маңызын айтты

Ж?птар романтикалы? ?арым-?атынас кезінде ?ол ?стасып ж?рсе, б?л оларды? бойында?ы ауруды б?се?детіп, ми белсенділігін арттырады. Б?л туралы Колорадода?ы Хайф ж?не Боулдер университеттеріні? ?алымдары айтып отыр. Мамандар ж?ргізген зерттеуді? н?тижелері Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланды.

Жұптар романтикалық қарым-қатынас кезінде қол ұстасып жүрсе, бұл олардың бойындағы ауруды бәсеңдетіп, ми белсенділігін арттырады. Бұл туралы Колорадодағы Хайф және Боулдер университеттерінің ғалымдары айтып отыр. Мамандар жүргізген зерттеудің нәтижелері Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланды.

Зерттеу жетекшісі Павел Голдстайнның айтуынша, әйелі босанғаннан кейін ол тіпті әлсіз болып қалған. Сондықтан ғалым әйеліне көмектесу үшін осындай зерттеу жүргізіп көрмекші болған екен.

"Бұл әйеліме ауыр соқты, оған қалай көмектесе аламын деп ойладым. Бірде мен оның қолынан ұстадым. Көмектескен сияқты. Дегенмен мұны зертханада тексеріп көргім келді: адамның бойындағы ауруды оның қолын ұстау арқылы бәсеңдетуге бола ма, жоқ па", - дейді маман.

Реклама
Реклама

Осы орайда сарапшылар жастары 23-32 аралығындағы 22 жұпқа зерттеу жүргізді. 

Зерттеу қорытындысына қарағанда, жұптар бір-бірімен қол ұстасқан соң олардың дерттері 34 пайызға азайған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама