Ғалымдар семіздікпен күресудің ең оңай жолын ашты

© kaz.caravan.kz

?ан ??рамында?ы глюкозаны? де?гейін реттейтін аспрозин гормоныны? шо?ырлануы азайса, адамны? ашы?у сезімін баяулатып, тама?ты аз жеуіне себеп болады екен. Б?л ба?ытта?ы зерттеу Nature Medicine журналында жарияланды, - деп хабарлайды РИА Нововсти

Қан құрамындағы глюкозаның деңгейін реттейтін аспрозин гормонының шоғырлануы азайса, адамның ашығу сезімін баяулатып, тамақты аз жеуіне себеп болады екен. Бұл бағыттағы зерттеу Nature Medicine журналында жарияланды, - деп хабарлайды РИА Нововсти

АҚШ-тың Бейлор медициналық колледжіндегі клиникалық зерттеу кезінде тәбеті тым төмен пациенттердің FBN1 генінде мутация бары байқалған. Бұл адамдардың қанында ақуыздың бір бөлігі жоғы анықталған. Ал бұл бөлік дені сау адамдарда аспорзинді түзетін болып шықты. 

Ары қарайғы зерттеу гормонның гипоталамустағы нейронмен байланысын көрсеткен. Зерттеу қорытындысы бойынша, аспорзин жүйке жасушаларының екі түріне - тәбетті ашатын AgRP, нейрондары мен тәбетті басатын POMC нейрондарына әсер етеді. Нәтижесінде гормон ашығу сезімін күшейтеді екен. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, ғалымдар артық салмағы бар адамдардың қанында аспорзин деңгейі жоғары екенін анықтаған. Зерттеушілер аспорзиннің жұмысын толықтай тоқтататын дәрмек жасап шығарып та үлгерген екен. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама