Ғалымдар ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты

Фото © Fotolia / aletia2011

Таза ауада серуендеу адамны? денсаулы?ына жа?сы ?сер етіп ?ана ?оймай, онымен ?оса мезгілсіз ?лім ?аупін азайтады. Б?л т?жырымды Англия университетіні? ?алымдары растап отыр, - деп хабарлайды РИА НовостиEurekAlert а?парат порталына сілтеме жасап. 

Таза ауада серуендеу адамның денсаулығына жақсы әсер етіп қана қоймай, онымен қоса мезгілсіз өлім қаупін азайтады. Бұл тұжырымды Англия университетінің ғалымдары растап отыр, - деп хабарлайды РИА НовостиEurekAlert ақпарат порталына сілтеме жасап. 

"Біздің бақылауымызша уақытын таза ауада өткізетіндердің денсаулығы, далаға мүлдем шықпайтындарға қарағанда айтарлықтай жақсы. Таза ауада серуендеудің ең бір артықшылығы екінші топтағы қант диабетінің асқындауын, жүрек-қан тамыры ауруларын, мезгілсіз өлім мен ерте туу қаупінен сақтап, оған қоса ұйқыңыз тыныш болады" , - дейді ғалымдар.

Сарапшылардың айтуынша, сонымен қатар, таза ауада серуендеу уайымнан сақтап, қан айналымын жақсартып, жүрек соғу жиілігі және жалпы денсаулық көрсеткіштері дұрысталады.

Реклама
Реклама

"Жасыл табиғаттың арасында өмір сүретін адамдарыдың физикалық түрде белесенді болуына барлық мүмкіндік бар. Оған қоса, табиғатта өмір сүретін түрлі бактериялардың адам ағзасына тиімді әсер беріп, иммунитетті жоғарылатады", - дейді ғалымдар.

Мамандар көшеде серуендеудің денсаулыққа жақсы әсер етуін фитонцидтермен байланыстырып отыр. Ол - өсімдіктер мен бактериялар арқылы қалыптасатын биологиялық зат.

Ғалымдардың пікірінше, таза ауада болу түрлі аурулардың алдын алып, тіпті баламалы емдеуді немесе препаратты емдеудің алдын алады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама