Ғалымдар зақымданған ДНҚ-ны қалыпқа келтіретін жаттығу түрлерін анықтады

© My sport life

А?Ш ж?не Бразилия ?алымдары адам ДН?-сын ?алып?а келтіруді? тиімді ?дісін тапты. ?алымдарды? б?л зерттеуі Experimental Physiology журналында жары? к?рген, - деп хабарлайды Lenta.ru.

АҚШ және Бразилия ғалымдары адам ДНҚ-сын қалыпқа келтірудің тиімді әдісін тапты. Ғалымдардың бұл зерттеуі Experimental Physiology журналында жарық көрген, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша ДНҚ-ның зақымданған бөліктерін қалыпқа келтіретін гендерді іске қосу үшін төзімділікті арттыруға бағытталған жаттығуды бір рет жасаудың өзі жеткілікті екен.

Зерттеушілер бұл жаңалығын тышқандарға тәжірибе жүргізе отырып ашқан. Кеміргіштерді жарты сағат бойы жүгіргткен зерттеушілер ДНҚ-ны қалыпқа келтіруге жауапты гендермен қоса, миокарданың қызметіне жауапты гендерді де бақылаған. Жүгірген кеміргіштерде бұл ген қозғалысы кем тышқандарға қарағанда көп болып шықты.

Реклама
Реклама

Ғалымдар адам ағзасында гендердің қалыпқа келу процесі тышқандардікімен ұқсас келетіндіктен, зерттеу қорытындылары адамдарға да жарайтындығын айтады. Осылайша, ғалымдар төзімділікті арттыруға бағытталған жаттығуларды көбірек жасауға кеңес беріп отыр. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама