30 наурыз 2020 | 15:26

Иммунитеті жақсы адамдардың ағзасы коронавирусты өз бетінше жеңуі мүмкін - зерттеу

Мельбурн университетінің ғалымдары иммунитеті жақсы адамдардың ағзасы коронавирус инфекциясын өз бетінше жеңе алады деген қорытындыға келді, - деп хабарлайды "Хабар24" Nature Medicine журналына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мельбурн университетінің ғалымдары иммунитеті жақсы адамдардың ағзасы коронавирус инфекциясын өз бетінше жеңе алады деген қорытындыға келді, - деп хабарлайды "Хабар24" Nature Medicine журналына сілтеме жасап.

Зерттеу нысаны ретінде Аустралияға келген Қытайдың Ухань қаласының 47 жастағы тұрғыны алынған. Кейін әйел адам коронавирустың белгілері – әлсіздік, ентігу, құрғақ жөтел және қызудың көтерілуімен ауруханаға түскен. Науқаста оған дейін патологиялық аурулар мен зиян әдеттер болмаған. Ауруханада науқасқа антибиотиктер немесе вирусқа қарсы препараттар берілмеген.

Реклама
Реклама

Дәрігерлердің қабылдаған жалғыз шарасы ағзадағы су балансын сақтау үшін тамырға сұйықтық енгізу болған екен. Нәтижесінде науқас екі аптадан кейін толық жазылып кеткен. Одан алынған қан талдауының нәтижелері иммун жүйесінің жасушаларының өсуін көрсетті, бұл организмнің әдеттегі маусымдық тұмауға қарсы реакциясы дейді дәрігерлер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная