ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қазан 2021 | 09:30
Иммунолог COVID-19-дың ауыр түрінен сақтануға көмектесетін өнімдерді атады
Иммунолог Владимир Болибок коронавирустың ауыр түрінен сақтануға көмектесетін өнімдерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Gazeta.Ru" сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Иммунолог Владимир Болибок коронавирустың ауыр түрінен сақтануға көмектесетін өнімдерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Gazeta.Ru" сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, аурудың дамуының алдын алуға қыздыратын әсері бар препараттар мен өнімдер көмектеседі. Қыздыру қандағы лейкоциттердің және денеге вирус енгенде жасушаларды қорғайтын интерферондардың пайда болуына көмектеседі.
"Егер сіз зімбірді шайнап немесе зімбірден шай ішсеңіз, онда шырышты қабық қызады. Бұл лейкоциттердің өнімділігін арттырады. Бұл үшін тек жылы сусын ішсе, жеткілікті болады", - деді дәрігер.
Тағы бір өнім - зере, оны тағамға бөлек қосуға болады. Зере Бородино нанының құрамында да кездеседі.
"Дәмдеуіштер шырышты қабықтың қызуына әсер етеді. Ащы бұрыш, ыстық сорпа ішу де тиімді", - деді сарапшы.
Болибок дәмдеуіштердің қорғаныс механизмі шырышты қабық қызғанда көрінеді, вирус жасушаларға енгенде, иммундық жауаптың жылдамдығын арттырады. Шырышты қабықтағы және қандағы иммунитетті сақтау керек.
"Вирус жасушаларға өте тез әсер етеді, жұқтырған адамның жөтелі дене жасушаларына ену үшін бірнеше секунд ішінде жетеді. Сондықтан организмде интерферондардың - вирустармен белсендірілгеннен кейін лейкоциттер шығаратын жоғары молекулалық ақуыздар өндірісін қолдау тиімді. Олар вирустың репликациясын тежейді, дене жасушаларының зақымдануына жол бермейді", - деді иммунолог.
Инфекционист Евгений Тимаков фолий қышқылына бай жасыл көкөністер мен жемістерді көбірек жеуге кеңес берді.
"Табиғи ашыған өнімдер ағзаны, асқазан-ішек жолдарын, ішек микробиомасын қорғайды, ал коронавирус оңай өтеді, бұл дәлелденген дерек. Сондықтан тұздалған қырыққабат жеуге кеңес беріледі, бірақ сірке суынсыз, табиғи ашыған түрлерін жеу керек. Коронавирус ішек пен асқазанның микробиотасына әсер етеді, егер майсыз, пайдалы тағам көп жесеңіз, коронавирус оңай өтеді", - деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также