Инсульттен қорғанудың қарапайым тәсілі аталды

Инсульттен қорғанудың қарапайым тәсілі аталды © pixabay.com

?алымдар к?нделікті жарты са?ат уа?ыт серуендеуді? инсульт ?лімін алдын алатынын аны?тады. Б?л туралы Neurology журналында жариялан?ан ма?алада айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ғалымдар күнделікті жарты сағат уақыт серуендеудің инсульт өлімін алдын алатынын анықтады. Бұл туралы Neurology журналында жарияланған мақалада айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Швециядағы Готенбургск университетінің ғалымдары инсульттың ең қауіпті салдарына зерттеу жүргізген. 

Зерттеуге шамамен таяуда инсульт алған және сауықтыру курстарынан өткен 2 300 науқас қатысқан. Дәрігерлер олардың диетасын, өмір салтын және ми қан тамырларының жұмыс істеуіне кедергі келтіретін басқа да факторларды есепке алған.

Жарнама
Жарнама

Осылайша, мамандардың зерттеуіне қарағанда, инсульттың ең ауыр түрлері мен жалпы инсульт көбіне физикалық белсенділіктің болмауынан, яғни, бір орында қозғалмай отыра берудің салдарынан пайда болады.

Дәрігерлердің айтуынша, аптасына төрт сағат, күніне шамамен жарты сағат серуендеп, физикалық жаттығу жасаған жағдайда бұл дерттің алдын алуға болады.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама