Ішімдік ішуден әйелдер ерлермен теңесіп қалды

© izlechenie-alkogolizma.ru

?йелдер алкоголді ішімдіктерді ішу жа?ынан ер адамдармен ?атарласып ?ал?ан, - деп хабарлайды BBC австралиялы? ?алымдарды? ?лем бойынша ерлер мен ?йелдерді? спиртті ішімдіктерге деген ??марлы?ына ж?ргізген зерттеу ?орытындысына с?йеніп.

Әйелдер алкоголді ішімдіктерді ішу жағынан ер адамдармен қатарласып қалған, - деп хабарлайды BBC австралиялық ғалымдардың әлем бойынша ерлер мен әйелдердің спиртті ішімдіктерге деген құмарлығына жүргізген зерттеу қорытындысына сүйеніп.

Төрт миллион адамның мәлімет базасының сараптамасы көрсеткендей, бұрындары ер адамдар алкоголь ішуге бейім болатын, алайда әйелдердің қазіргі буыны бұл жағынан ерлерге жетіп қалған. Егер ХХ ғасыр басында ер адамдар әйелдерге қарағанда алкоголді екі есе артық пайдаланып, маскүнемдікке шалдығуы үш есе артық болатын.

Кейінгі он жылдықтарда бұл айырмашылық біртіндеп жоғала бастаған. ХХІ ғасырда спирттік ішімдіктерді ерлер әйелдерден сәл ғана артық пайдаланады екен (1,1 есе). Ал маскүнемдікке жету деңгейі 1,2 есеге артық.

Реклама
Реклама

Лондондық гигиена және тропикалық медицина мектебінің профессоры Марк Петтикрюдің пікірінше, мұндай өзгеріс себебін ерлер мен әйелдердің әлеуметтік рөлдерінің ауысыуынан ғана көруге болмайды.

"Алкоголль ішімдіктеріне қолжетімділіктің артуы да үлкен рөл ойнайды, ал ішімдіктердің жарнамасы әйел адамдарға бағытталғаны көрініп-ақ тұр, әсіресе жас буынға", - деп есептейді Марк Петтикрю.

"Кәсіби дәрігерлер қоғамға жәрдемдесуі керек - әйелдерге де, ерлерге де - алкоголді пайдаланудың қандай қаупі барын түсінуге және осы қауіпті төмендету үшін", - дейді ғалым.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама