04 тамыз 2020 | 14:53

"Жалақасы министрден 2 есе көп". Божко Damumed жұмысын сынға алды

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко әлеуметтік желіде Damumed қосымшасында дәрігерлерге жазылмаған адамдарды жазылған деп көрсетілген тізімге қатысты наразалық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко әлеуметтік желіде Damumed қосымшасында дәрігерлерге жазылмаған адамдарды жазылған деп көрсетілген тізімге қатысты наразалық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Владимир Божко Facebook желісіндегі парақшасында МӘМС басшылығын сынға алды.

Реклама
Реклама

"Damumed қосымшасындағы тізімге қатысты медициналық емдеу мекемелері тарапынан постты арнайы жарияладым. Егер бұл шынымен сондай болса, онда бұл - шектен шығу. Мұны Қаржы министрлігінің экономикалық тергеу комитеті, сондай-ақ МӘМС басшылығы шұғыл тергеуі керек. 

Бұрын ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті мұны қатаң бақылайтын. Қазір МӘМС қызметкерлері бірнеше есе көбейді. Басшысы денсаулық сақтау министрінің жалақасынан екі еседей көп жалақы алады, ал ұйымды бақылауға олардың еркі не ниеті жоқ. Бүгін осы министрліктерге тапсырма беремін", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Желі пайдаланушылары өздері дәрігерге бармаса да, қосымшада "дәрігерге жазылған" деп көрсетілген жазбаның скриншотын жариялаған еді.

Алғашқылардың бірі болып Нұр-Сұлтан тұрғыны Арай Ордабаева жазды. Ол коронавирус жұқтырып, аурудан емделген және медициналық көмек алу үшін Damumed қосымшасына кіреді. Сол кезде өз емханасында баяғыдан "көмек алып" жатқанын біледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная