ПОДЕЛИТЬСЯ
01 ақпан 2021 | 15:39
Жүкті әйелден баласына СOVID-19-ға антиденелер беріледі - зерттеу
Пенсильвания университетінің ғалымдары COVID-19 жұқтырған жүкті әйелдерден балаларына инфекцияға қарсы антиденелер берілетінін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Science Alert-қа сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Пенсильвания университетінің ғалымдары COVID-19 жұқтырған жүкті әйелдерден балаларына инфекцияға қарсы антиденелер берілетінін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Science Alert-қа сілтеме жасап.
Филадельфия балалар ауруханасының Карен Пуополо бастаған зерттеушілері 2020 жылдың сәуір-тамыз айларында босанған 1714 әйелді бақылады. Олардың 83-і COVID-19-бен ауырған, ал 72 нәрестеден ғалымдар ананың инфекция белгілері бар-жоғына қарамастан, кіндік қанынан антиденелер тапты. Балалардың жартысына жуығында антиденелердің деңгейі анамен бірдей немесе одан жоғары болды, ал олардың төрттен бірінде 1,5-2 есе жоғары болды.
Ғалымдар барлық деректі салыстырып, COVID-19 антиденелерінің IgG типті молекулалары ұрықтың денесіне ананың денесінен енгенін анықтады, сондықтан вирустың анадан балаға берілу қаупі аз деген қорытынды шығарды.
Сондай-ақ жиналған деректерді талдаған кезде табиғи босану, емізу немесе босанғаннан кейінгі ана мен бала арасындағы тығыз байланыс инфекция қаупіне айтарлықтай әсер етпейтіні анықталды. Бұл 6 айға дейін табиғи тамақтандыру ұсынылатынын және баланың микроорганизмдерге төзімділігін дамыту тұрғысынан маңызды тұжырымдар екені белгілі болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также