Қан қысымынан бас ауырса не істеу керек?

Камила Долаева Журналист
Сурет: pixabay

Қан қысымы өзгергенде бас ауруы пайда болуы мүмкін. Мұндай сәттерде жағдайыңызды қалай қалыпқа келтіруге болатынын ресейлік терапевт Татьяна Романенко түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Sputnik Радиосына" сілтеме жасап. 

Қан қысымы өзгергенде бас ауруы пайда болуы мүмкін. Мұндай сәттерде жағдайыңызды қалай қалыпқа келтіруге болатынын ресейлік терапевт Татьяна Романенко түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Sputnik Радиосына" сілтеме жасап. 

Қан қысымы төмендегенде адам әлсіздік пен бас ауруын сезінуі мүмкін. Дәрігердің айтуынша, мұндай жағдайда кофеин көмектесе алады.

"Басыңыз ауырса, алдымен қан қысымын өлшеу керек. Ол төмен болса, кофеин бар сусындар көмектесе алады. Яғни, жаңа қайнатылған шай немесе кофе ішкен жөн. Кейде бұл шаралар жағдайды жақсарту үшін жеткілікті", - деді Татьяна Романенко.

Реклама
Реклама

Бас ауруы қысым жоғарылағанда да пайда болады.

"Қысым жоғарылағаннан бас ауырса, онда біздің міндетіміз - қан қысымын тұрақтандыру (дәрі-дәрмектермен - автор). Қан қысымы төмендесе, бас ауруы да кетеді. Алдағы уақытта қысымның көтерілуіне жол бермеу маңызды. Ал бас ауруы жиі мазаласа, бұл гипертония дегенді білдіруі мүмкін", - деп ескертті дәрігер.

Маман бас жиі ауырса, дәрігермен кеңесу керек екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная