07 қыркүйек 2020 | 09:11

Қандай тағам түрлері коронавирустан өлім көрсеткішін азайтатыны айтылды

© REUTERS

Ғалымдар тамақтану рационы мен коронавирустан өлім көрсеткіші арасында байланыс барын анықтады, - деп хабарлайды "Известия".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ғалымдар тамақтану рационы мен коронавирустан өлім көрсеткіші арасында байланыс барын анықтады, - деп хабарлайды "Известия".

Ресейлік мамандардың айтуынша, тамақтану рационы иммунитетке әсер еткендіктен өнімдер денсаулыққа пайдалы болуы керек.

Реклама
Реклама

Зерттеу мәліметтеріне сүйенсек, Германия, Аустрия, Чехия, Қытай және Түркия елдерінде коронавирустан өлім көрсеткіші төмен. Себебі олар тұздалған қырыққабат пен қышқыл сүт өнімдерін көбірек тұтынады екен.

"Майы аз және қышқыл сүт өнімдері көптеген диета құрамында бар. Олар несеп қышқылын шығаруға, липидтер мен көмірсулар алмасуын қалыпқа келтіруге ықпал етеді, сондай-ақ, олардың құрамында кальций мен Д дәрумені бар", - дейді диетолог Наталья Пугачева.

Дегенмен, сарапшылардың айтуынша, тағам өнімдері вирусқа емес, иммун жүйесін күшейтуге ғана әсер етеді. Сондай-ақ, мамандар дұрыс тамақтанбаудың салдарынан қант диабеті пайда болып, адамның семіздікке ұшырауы мүмкін екенін ескертеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная